25 жасөспірімнің ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Кеше Орал қалалық Полиция басқармасының ЖПҚб ЮПб жеке құрамымен түнгі сағат 23.00-ден 02.00-ге дейін қала аумағында «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылған болатын.

Шара барысында кәмелетке толмағандардың жиі жиналатын орындары тексеріліп, нәтижесінде Орал қалалық Полиция басқармасына 25 жасөспірім түнгі мезгілде үй жайларынан тыс заңды өкілдерсіз жүргені үшін жеткізіліп, олардың ата аналары ҚР ӘҚБК-нің 442 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.   

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылық фактілерін болдырмау мақсатында күзгі демалыс кезінде ата аналарға айтарымыз бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамай, тәрбиелеріне көңіл болып, себепсіз түнгі мезгілде көшеге жібермеулерін сұраймыз.


Мадина Құспанова,

Орал қалалық ПБ ЖПҚб ЮПб аға УПИ, полиция майоры

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *