Шекара қызметі академиясына курсанттар қабылдауда

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің академиясы — елімізде білікті мамандарды дайындайдыт жоғарғы оқу орындарының бірі. Академияны аяқтаған офицер түлектер шекара қызметінің түрлі бөлімшелерінде қызмет атқарып, шекарамызды қорғау мен сақтау мақсатында еңбек етуге мүмкіндік алады.


ҚР ҰҚК Шекара қызметінің академиясына түсуге ниет білдірген азаматтар оқуға түсуден бір жыл бұрын 1-ші қарашаға дейін құжаттарын ҰҚК бөлімшелеріне, мекемелеріне және аумақтық органдарына тұру мекенжайы бойынша немесе қызмет орны бойынша, тест тапсыру тілін таңдау арқылы тапсырады:

  • Әскерге шақырылушылардан және әскерге міндетті запастағылардан — еркін түрде өтініш.
    Барлық үміткерлер мерзімді әскери қызметінің нормаларына сәйкес тегін тұрғын үймен және азықтанумен қамтамасыз етіледі.
    ҚР ҰҚК ШҚ Академиямында оқу артықшылықтары:
  1. Жоғары еңбекақы, жұмыс өтіліне және әскери атағына қарай жоғарлайды (250 мың теңге және одна жоғары);
  2. Баспана шығынын өтеу төлемдері (отбасы мүшелеріне: жұбайы, балалары);
  3. Тегін киім-кешек мүлігімен қамтамасыз ету (қысқы, жазғы);
  4. Көшу және заттарды көшіру кезінде жол шығындарын өтеу;
  5. 47 жаста зейнетақы демаласына шығу.
    Оқуға келген үміткерлердің жалпы білім дайындығын бағалау ҚР Ғылым және білім министрлігінің жоғарғы оқу орындарына түсу стандарттық бағдарламаларға сәйкес қабылдау емтиханында тексеріледі.
    Оқу орнына қабылдау сертификат баллдарының нәтижесі бойынша конкурстық негізде мандаттық комиссияның шешімімен жасалынады.
    Шекара қызметінің академиясын аяқтаған жағдайда мемлекеттік емтиханды сәтті тапсырған курсанттарға алғашқы «лейтенант » атағы, белгіленген нұсқадағы диплом және төсбелгі беріледі.
    Толық ақпарат үшін БҚО бойынша ҚР ҰҚК ШҚ Департаментіне хабарласыңыз, мекенжайы: Орал қаласы, Конкина 3, тел. 8771 544 8284, 8 702 834 0402, 8 7112 989334, 8 7112 989326

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *