2020 жылдың 4-9 қазан аралығында Орал қаласы аумағында 3 ұрлық фактісі тіркелді, — деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.
Күдікті 1982 жылғы А.есімді тұлға болып шықты. Ол қайық, моторлар, жеке мүліктер, құрылысқа қажетті құрал-саймандарды үптеп, оқиға орынынан бой тасалап отырған. 9 қазан күні Деркөл ауылындағы «Ягодка» саяжай қоғамындағы бір үйдің есігін темір ломмен бұзып, есікті сындырып, үй ішіне кірген. Үйдегі жасыл түсті 2 кісілік қайықты, «Миникода» маркалы электр моторын, «Икея» маркалы шкафты, құрылысқа қажетті құрал-саймандарын ұрлаған. Бірнеше жеке заттарынан айырылған 1965 жылы туған қала тұрғынына 350 мың теңге көлемінде шығын келді. Полиция қызметкерлері құрықталған күдіктіден ұрланған заттарды тәркілеп алды.
Бүгінгі күні Орл қ.ПБ 3 эпизодты ұрлыққа қатысты қылмыстық істі қозғап, тергеу амалдары жүргізілуде.
Орал қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі