Қару сақтау ережесін бұзғандар көп

Оралда «Учаске» республикалық профилактикалық іс- шарасы өтуде.
Профилактикалық іс- шара 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Іс шараның мақсаты- Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және БҚО ПД-нің 2020 жылдың 5 қыркүйектегі нұсқауына сәйкес мақсатында халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым қатынас орнату, сондай- ақ қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде экстремизм және терроризм көріністерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу, құқық бұзушылықтың алдын алу.

Акция Орал қаласы аумағында 2020 жылдың 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында ішкі істер органдарының барлық күштері мен құралдарын және жұртшылықты қатыстыра отырып өтеді.

Аталмыш іс- шара басталғалы Орал қалалық ПБ ЖПҚб учаскелік полиция инспекторлары 68 390 көп қабатты жәйлі пәтерлерді, 52 962 жеке жер үйлерді, 411 жалдамалы пәтерлерді тексерді. 17 039 саяжай үйінің 4676-ын тексерді. 15 шаруа қожалығын қарап шықты. 12 белгілі тұрағы жоқ тұлғаны БҚО ПД-нің қабылдап, тарату орынына жеткізді. Мектеп инспекторлары көшеде қараусыз жүрген кәмелетке толмаған 22 жасөспірімді ұстап, олардың 13-і уақытша бейімдеу орталығына орналастырды. Бұған дейін профилактикалық есепке қойылған тұлғаларды мекенжайларына барып, кешенді тексеріс жүргізді.


Соңғы бір аптада әлеуметтік жағынан аз қамтылған, өнегесі төмен екі отбасын есепке қойды. Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы кодекстің 484 бабына сай азаматтық- қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзған 2 тұлғаны, жалпы ЖАШ басталғаннан бері 8 тұлғаны ұстады. Тексеріс басталғалы қаруларының сақтау мерзімі аяқталған 4 азамат табылса, соңғы бір аптада 1 қару иесін тапты.

Орал қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *