Оралда бір айда бірнеше қылмыстың беті ашылды

Орал қалалық Полиция басқармасының КПб жедел уәкілдері мен ЖПҚб учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, бірнеше ұрлық қылмыстарының ізін суытпай ашты. Бұл туралы қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлім етті.
Нақтырақ айтсақ 2020 жылдың 30 қыркүйек күні белгісіз тұлға Әбілқайырхан даңғылындағы бір жәйлі пәтерге қонаққа барып, пәтерден шығарда «Самсунг А-50» маркалы ұялы телефонды ұрлап кеткен. Корпусы қара түсті ұялы телефонын ұрлатқан 1984 жылғы азамат полицияға шағымданды. Осы мекенжайға барған Орал қалалық ЖПҚб учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты А.Нықбаев 1996 жылы туған күдіктінің ізіне түсіп, ұстады. Тәртіп сақшысы Орал қаласының тұрғыны-күдіктіні басқармаға жеткізді.
Дәл осы күні Ашхабад пен Қ.Мусин көшесінің қиылысында «Жайықжылуқуат» АҚ-на тиесілі металл және қалайы бұйымдарының ұрлағанғаны туралы кезекші бөлімге хабарлама түсті. Ұрлық фактісімен оқиға орнына барған полиция аға лейтенанты А.Әліпқалиев жедел іздестіру барысында оқиға орынынан 2009 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірімдерді ұстады. Жеткіншектер ұрлыққа жол бергендерін толық мойындады.
30 қыркүйекте Орал қалалық №15 УПП-іне 1982 жылғы азамат хабарласып, екі азиат нәсілді, жасы 22-25 шамасындағы, арық бітімді жігіттердің түнгі сағат 23.30 шамасында Строитель ықшам ауданына қарасты №27 үй ауласында соққыға жыққанын, ұрып-тепкілегенін айтып, жазбаша түрде арызданды. Полиция аға лейтенанты Д.Мырзабаев қабылданған арыз бойынша әкімшілік аймағын тексеріп, 1995 және 1997 жылы туған «Строитель» ықшам ауданы мен «Циолковский» көшесінің тұрғындарын ұстады. Азиат нәсілді екі жас жігіт бейқам жүрген адамға түнде байланып, соққыға жыққандарын мойындады.
Ал қазанның 1-інде Қонаев шағынауданындағы «Универсам» дүкенінде ұрлық орын алып, көп кешікпей 1970 жылғы азаматша құрықталды. Полиция майоры Ю.Полунин күдікті азаматшаны басқармаға жеткізіп, одан сұрақ-жауап алды.
Сонымен қатар, 3 қазанда басқармаға №18 УПП аймағында металл қаңылтырлардың ұрланғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына барған полиция аға лейтенанты А.Кенжеков 1957 жылғы күдіктіні ұстап, басқарманың кезекші бөліміне жеткізгенде 5 данадан астам қаңылтырларды ұрлағанын толықтай мойындады.
Осы күні өзінің әкімшілік аймағында қызметте жүрген полиция капитаны А.Бисенгалиев сағат 10.00 шамасында хабарлама қабылдап, күдікті деп назарға алынған Әбілқайыр хан даңғылындағы бір үйден 2 жігітті №12 УПП-іне жеткізді. 1984 жылы туған күдіктілер тінту барысында курткасы қалтасынан сұр-жасыл түсті, қағазға мұқият ширатылып оратылған, арнайы иісі бар өсімдік тектес затты тапты. Тәркіленген белгісіз зат сараптамаға жіберілді.
Орал қалалық Полиция басқармасына жеткізілген күдіктілердің барлығы да заң алдында жауапталады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *