Қала күніне орай брейк-данстан ашық чемпионат өтті

Оралда қала күні мерекесіне орай балалар мен жасөспірімдер арасында брейк-данстан «JAM PARTY- 2020» қалалық ашық чемпионаты өтті.

«Қала күні — 2020» мерекесіне орай «Брейк-данстан Батыс Қазақстан облысының өңірлік федерациясы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған би байқауына Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі қолдау білдірді.

Жарыс жас ерекшелігіне қарай әр түрлі номинациялар бойынша жүргізіллі. Бүгінде танымалдыққа ие бидің бұл түрімен біздің қаламыздың жастары да белсенді айналысады. Жарысқа 6-15 жас аралығындағы елуге жуық өнерлі жас қатысты.

6-10 жас аралығында өткен «KIDS» аталымында ерекше қимылдарымен көзге түскен Әлихан Валиев жеңіске жетсе, «JUNIOR» номинациясының бірінші орыны Расул Джигараевқа бұйырды.
Қыздар арасындағы «BATTLE»-да тартысты өтті. Нәтижесінде 10 жастағы Сабина Бозаева би байқауының жеңімпазы атанды.

Жасым — тоғызда. Бұған дейін балетке барып жүрдім. Алайда брейк-дансқа деген қызығушылығым жоғары болды. Бидің осы түрімен айналысып жүргеніме үш ай уақыт болды. Жарысқа қатысқаныма қуаныштымын, — деді жас жеңімпаз Сабина.

Сайыстың «Profi» бөлімі одан әрі қыза түсті. Тартысты өткен бұл бөлімде Арман Уразов — үшінші, Никита Кушнарев жүлделі екінші орынға ие болды. Ал әсерлі би қимылдарымен көзге түскен Әлімжан Төлегенов бірінші орынға лайық деп танылды.

Қоғамдық бірлестік басшысы Сағындық Дагаров қалалық ашық чемпионатқа қатысуға ниет білдіргендер көп екенін айтты.

Жарысқа қатысамын деуші жастар көп. Алайда карантин талабын орындауымыз қажет, — деді.

Бұл жылғы би жарысына қаламыздағы «Балалар ауылының» өнерлі жеткіншектеріде қатысып, бақ сынады.

Байқау барысы тікелей эфирде инстаграм әлеуметтік желісіндегі @masterdance.uralsk парақшасында жүргізілді.

Гүлзинат Ибрагимқызы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *