Азаматтарды мерзімді әскерге шақыру бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде

«Әскерге шақырту» жедел алдын-алу шарасы Орал қаласы  әкімдігінің 2020 жылғы 5 наурыздағы  №491 «2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» қаулысына сәйкес,  Орал қаласы бойынша азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмысы 1 қыркүйектен 30 желтоқсанға дейін жалғасады.

Қарулы Күштерді, әскер мен әскери құрылымдарды жасақтау үшін 18-27 жас аралығындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады. Отан қорғауға аттанатын жастар алдымен медициналық тексеруден өтіп, денсаулықтарының жарамдылығы туралы сыннан өткеннен кейін әскери бөлімдерге жөнелтіледі. Орал қаласы әкімдігінің азаматтарды күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын сапалы әрі уақытылы орындау мақсатында бекітілген жоспарына сәйкес, қыркүйек айының 2-3 күндері тұрғылықты мекенжайлары өзгерген әскер жасындағы азаматтарды іздестіру бойынша Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастауымен Орал қаласының ішкі істер басқармасымен бірлесе отырып, «Призывник» жедел алдын алу шарасы жүргізіледі. Жедел алдын алу шарасына 20 әскери қызметші және 20 учаскелік инспектор тартылады. Шара барысында 20 бекітілген аймақ бойынша лауазымды тұлғалар әскер жасындағы азаматтарға шақыру қағаздарын үлестіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV «Әскери қызмет әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 30 бабына «Әскери қызметке шақырылуға жататын азаматтардың міндеттері» сәйкес шақыру қағазын алған азаматтар әскерге шақыру комиссиясына келуге міндетті.
Әскери қызмет Отанымызды сүюге және туған жеріміздің тұтастығын сақтауға, оны қорғауға үйретерін естен шығармайық!
Барлық сұрақтар бойынша Орал қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасына хабарласуыңызға болады.


Мекенжайы: Орал қаласы, Абай даңғылы 100,
Байланыс нөмірі: 8 711 2 53 86 60

Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *