Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл толуына орай Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы қаламыздағы байланыс және ақпарат саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтап, алғыс хат табыс етті.
Мерекелік алғыс хатқа республикалық «Қазақстан дәуірі» газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі Ләззат Салауатқызы, қаламыздағы «Жайық үні» қоғамдық-саяси газетінің тілшілері Кәусар Дүйсекешқызы мен Эльмира Асхатқызы, «Пульс» қоғамдық саяси-газетінің тілшісі Гүлзинат Ибрагимқызы ие болды.
Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы, подполковник Рафхат Мажитов журналистерге Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің ақпараттық-имидждік жұмыстарын арттыруға қосқан үлестері мен армияның оң имиджін қалыптастырудағы еңбектері үшін алғыс білдіріп, алдағы уақытта қарулы күштерді халық арасында насихаттау жұмысын бірлесе атқаруға шақырды.
Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі