Оралдық сарбаздар — үздіктер қатарында

Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасынан  мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасы 18404 десанттық — шабуылдау әскерінің  десанттық- шабуылдау батальонына аттанған жерлестеріміздің  аз  уақыт ішінде  жақсы қырынан көрініп жүргендері жайлы басқармаға ақпарат келген.

Десанттық-шабуылдау әскері — қарулы күштердің элитасы. Бұл білектілік пен жүректілікті ғана емес, біліктілікті талап етеді. Әли Алпыспаев пен Жәнібек Мұхтаров осы жылдың шілде айында әскерге аттанды. Олар қазіргі таңда жауынгерлік қызметтерін сапалы әрі жоғары жауапкершілік пен орындап, ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсетуде. Жас сарбаздардың ата-аналарына 18404 әскери бөлімінің қолбасшылығы алғыс білдіріп, марапат қағаздарын жолдапты.

Биыл әскер қатарына қосылғысы келген ниеттілер ішінде денсаулығынан өте алмағандар да бар. Десанттық шабуылдаушы командасы үшін жауынгерлердің денсаулығы ғана емес, білімі де аса маңызды. Ал Отанға қызмет етуді парыз санаған бұл сарбаздар өз еріктерімен әскерге баруға өтініш білдірген.

Жан-жақтылық танытып, өздерін жақсы қырынан көрсете білген жерлес жауынгерлер ары қарай да отан алдындағы борыштарын абыроймен атқара бермек.

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *