Деркөлдегі спорт алаңы жаңартылуда

Деркөл мәдени-демалыс саябағында орналасқан спорт алаңы жаңартылып жатыр.

2013 жылы ашылған спорт алаңының құрылысын «Қарашығанақ Монтаж сервис» ЖШС мердігер мекемесі жүргізген.  Бүгінде ойын алаңдарының жабыны тозған. Осы мақсатта спорт алаңын жаңарту жұмыстары басталып кеткен. Жөндеу  жұмыстарын «Алтын ел» жеке кәсіпкерлігі жүргізіп жатыр.

– Қала бойынша бүгінге дейін 6 спорттық алаң жаңартылды. Бұл —  жетінші алаң. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталды. Ойын алаңының резеңке жабынын қайта ауыстырып жатырмыз. Жөндеу жұмыстарын қыркүйек айына дейін бітіреміз, – деді «Орал» спорт клубының директоры Есқабыл Жалмұрзиев.


Деркөл кенті әкімінің орынбасары Роман  Жумиев демалыс саябағын сенімгерлік басқару немесе қызмет көрсетуші мекелемелерге беру жұмыстары жоспарланып отырғанын айтты. Саябақта алдағы уақытта «Street Workaut» және  балалар алаңы, жүгіру жолағы салынып, абаттандыру жұмыстары жүргізілмек.  Қазіргі таңда «Жасыл ел» жастар қоғамдық бірлестігі саябақты көркейтуге қатысты біраз ұсыныстар білдіріп отыр екен.

Роман Жумиев өз сөзінде: – Басты мақсат – ұзақ жылдар қараусыз қалған саябақ жұмысын жандандырып, кент тұрғындарының  сүйікті орнына айналдыру, – деді.

Алдағы уақытта Деркөл кентіне қарасты Ветелки, Новостройка ауылдары мен Көкжиек,Сарытау шағынаудандарында спорт және балалар ойын алаңын салу көзделген. Қазіргі таңда жер учаскелерін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *