Шикі күйінде тұтынуға қауіпті өнімдер

Қауіп туындататын өнімдер тізімінде бірінші кезекте термиялық өңдеуден өтпеген шұжық тұр, деп жазды Sabah басылымы мамандарға сілтеме жасап.

Шикі шұжықтың құрамында асқорыту жүйесін бұзатын, тіпті улануға әкелетін қауіпті бактериялар болуы мүмкін. Шикі шұжықтардан кейін үрмебұршақтарды шикілей тұтынуға тыйым салынған. Көбінесе, бұршақтардан зиянды улы заттар табылып жатады. Оларды термиялық өңдеу әдісімен жоюға болады. Сондай-ақ, шикі бұршақ асқазан-ішек жолының жұмысын бұзуы мүмкін.

Сонымен қатар, шикі асшаяндар мен картоптың да зияны көп. Бұл өнімдерде пестицидтер болуы мүмкін. Өйткені олар фермаларда өсіріледі. Сондай-ақ, түрлі ауруларға қарсы өңделеді. 

Бұдан бөлек, сарапшылар шикі бадам, саңырауқұлақ, бамбук өсінділері мен тропикалық маниок өсімдіктерін шикі күйінде тұтынбауға кеңес береді.

baq.kz

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *