ОРАЛДА ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚ ӨРШІП ТҰР

2020  жылдың жеті айы ішінде  Орал қаласы  аумағында 394  алаяқтық фактісі тіркеліп, оның 213-і ашылды. Деректердің 185-і интернет алаяқтығына қатысты материалдар.  Интернет алаяқтығына қатысты тіркелген қылмыстық істердің 16-сы ашылды, ­­- деп хабарлайды Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Өткен жылдың 7 айында 527 алаяқтық фактісі орын алып, оның 246-сы ашылған.   Интернет жолымен алданған тұрғындардан 24 арыз қабылданған. Қала тұрғындары «ОLX Уральск», «Кoleso», «Каspi GOLD», т.б. әлеуметтік желілердегі хабарландыруларды қарап, тез арада тоңазытқыш, көліктің қосалқы бөлшектерін сатып аламын деген белгісіз тұлғаларға немесе ақша аударым жүйелері арқылы 600, 700 мыңға жуық қаражаттарын аударып, алаяқтардың құрбаны болуда.

Мысалы, 2020 жылғы 3-шілде күні сағат 17.00 шамасында белгісіз тұлға «ОLX Уральск» қосымшасын  қарап, «Индезит» маркалы  тоңазытқышын дереу сатып алмақ болып, сатушыға хабарласып, карточка нөмірлерін сұрап, ақша аударатынын айтқан. Бейқам отырған әйел  барлық есепшот нөмірлерін телефонның ар жағындағы ер адамға айтқанда, аз-кем уақыттан соң  шотында тұрған 580 мың теңгенің  аударылып кеткенін көреді.   1973 жылы туған  Орал қаласының тұрғыны Ғ.есімді азаматша алаяққа  алданғанын біліп, полицияға арыз жазған.

Ал 9 шілде күні белгісіз тұлға  «Конденсат» жанар-жағар май құю бекетінің оператор-кассирінің ұялы телефонына хабарласып, «Сбербанк» карточкасына  60 мың теңге аударамын деген желеумен, қарызға ақша  сұрап алып, алдап соққан. 17 шілде күні 1984 жылы туған қала тұрғынына хабарласқан бейтаныс жан өзін «Каспи» банктің қауіпсіздік бөлімінің қызметкері ретінде таныстырып, «Сіздің есеп-шотыңыздан көп көлемдегі қаражат жойылып кетуі мүмкін сол себепті маған банк карточкасының, есеп-шоттардың нөмірлерін айтыңыз деп сұрап алады да, шотта жинаулы тұрған  226 мың теңгені өзіне аударып алған. Жеке басы мен карточкаларының деректерін ағынан жарыла айта салған 1984 жылғы азамат интернет алаяғының құрбаны болғанын сезбей қалған.   Осы күні сағат 15.00 шамасында белгісіз тұлға  «Колесо» қосымшасы арқылы   көлік сататын жігітке хабарласып, көлігін тез арада сатып беру үшін алдын ала 200 мың теңге салуын сұрайды, 200 мың теңгені өзінің есепшотына аудартып алған оң ізім-ғайым жоғалып кетеді. Оқиғадан 1996 жылғы көлік сатпақ болған азамат  алданып қалды.

Ал 25 шілдеде өзінің есімін Фарход  деп таныстырған белгісіз тұлға «ОLX Уральск» арқылы газоблоктарды шығарып беремін деп арқылы алдын ала төлем сұраған. Барлық карточкасының деректерін айтқан 1988 жылғы азаматша 30 минуттан соң  өзінің есеп шотынан 500 мың теңгеге жуық ақшасының белгісіз есепшотқа аударылып кеткенін көреді. Оқиға орнына барған Орал қалалық ПБ жедел-тергеу тобы ақшаның аударылғаны туралы чек көшірмелері мен аударымның скриншоттарын алып қайтты.

Осылайша, қала тұрғындарының сеніміне кірген алаяқтар діттеген жымысқы ойларын жүзеге асыруда.

Құрметті, қала тұрғындары! Егерде Сізге бейтаныс тұлға хабарласып, өзінің басқа қалада жүргенін айтып, дәл қазір картаңыздың нөмірін жазып салуды сұраса, бейтаныс адамдарға жеке басыңыздың деректері мен банк картасының пин кодтары мен нөмірлерін айтпауларыңызды сұраймыз.

Соңғы уақытта «КASPI» банк  қызметкерімін деп таныстырып, қала тұрғындарының карталарының нөмірлерін, өзге де деректерін сұрап алып, алаяқтардың құрбаны болу фактілерінің жиілегені жасырын емес.  Алаяқтар  бірнеше азаматты дүрліктіріп, оларға көп шығын әкелді. Моральдық және материалдық тұрғыдан қаншама зиян келтірді. Сол себепті облыс пен қала тұрғындарының алаяқтарға алданып қалмауларын, жалған телефон шалушылардан сақ болуларын  сұраймыз.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *