Бөрлі ауданының еріктілері яғни «Адам бол» қоғамдық қоры, «Парасат» қоғамдық бірлестігі, Ақсай қаласы мешіті , Берекелі жамағат қоры, «Volunteers aksay» штабы бірігіп көмекке мұқтаж 45 отбасыны азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Бір отбасыға ұсынылатын қоржында күнделікті тұтынатын азық-түлік заттыры мен тәттілер бар.
Пандемия кезеңде де біздер жақсылық жасау үзбеуге барынша күш салып келеміз. Әрине көп мекемелерде жұмыс тоқтап, қаржылық жетіспеушіліктер орын алып жатқандығы рас-ақ. Алайда соған қарамастан еріктілердің есеп шоттарына қайырымдылық мақсатындағы қаражаттар түсіп жатыр. Бұл халқымыздың, аудан тұрғындарының жақсылыққа қашан да дайын екендігін аңғартса керек. Осы жолы мұқтаж 45 отбасына азық-түлік қоржының ұсындық. Алдағы уақытта бұл істер жалғасын табатын болады. Қолдау білдірген барша жандарға мың алғыс,-дейді Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Қанат Жакенов.
Бөрлі аудандық мешітінің баспасөз қызметі