Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында «Алматы облыстық орыс орталығы» ҚБ «Этномәдени бірлестіктер арасында жалпы азаматтық бірегейлікті қалыптастыру және қазақстандық патриотизмді дамыту» жобасын жүзеге асыруда.
Жобаны жүзеге асыру мерзімі: 2020 жылдың шілде-қараша аралығы.
Жобаның негізгі мақсаты — этномәдени бірлестіктердің этникалық топтары арасында қазақстандық бірегейліктің жалпыазаматтық құндылықтарын қалыптастыру мен нығайтудағы ғылыми шығармашылық зиялылардың рөлін арттыру.
Жобаны жүзеге асыру барысында Алматы, Петропавл, Орал, Өскемен қалаларының әр түрлі этнос жастары өкілдерінің арасында жалпыазаматтық құндылықтарды, қазақстандық патриотизмді және этносаралық келісімді кеңінен насихаттау бойынша шаралар кешені жүзеге асырылатын болады. ZOOM интернет-платформасы арқылы онлайн форматында ақпараттық кездесулер өткізу жоспарлануда. Оған ЭМБ өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектептер мен басқа да білім беру ұйымдарының мұғалімдері, еріктілер қауымдастығы, ҮЕҰ, жоба серіктестері, мемлекеттік органдардың өкілдері қатыса алады.
Онлайн кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды оқиғалары туралы хронологиялық тәртіпте, қысқаша және қолжетімді форматтаайтуға мүмкіндік беретін «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл — 25 игі іс» бейне-дәрістері ұсынылады.
Сонымен қатар, «Этномәдени бірлестіктер арасында жалпыазаматтық бірегейлікті қалыптастыру және қазақстандық патриотизмді дамыту» тақырыбында бейнероликтер көрсетіледі. Роликтерде Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға үлес қосқан адамдар туралы мұрағат деректері, сондай-ақ фото және видео материалдар қолданылады.
Сонымен қатар, жоба бағдарламасына ЭМБ өкілдері үшін тренинг/вебинар, дөңгелек үстел ұйымдастыру енгізілді.
Қызметті сараптамалық және әдістемеліктұрғыда қамтамасыз ету үшін жоба аясында Сараптамалық кеңес құрылып, оның құрамына 3 адамнан тұратын Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің өкілдері кірді:
Сараптамалық кеңестің төрағасы:
Калашникова Наталья Павловна — Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініңжурналистика және саясаттану факультеті саясаттану кафедрасының профессоры, халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, саясаттану ғылымдарының докторы.
Кеңес мүшелері:
Гривенная Людмила Александровна – М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, доцент, тарих ғылымдарының кандидаты.
Ахметжанова Үмбігүлсім Ауданбайқызы — «Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі» «Қоғамдық келісім» РММ жетекші маманы.
Сондай-ақ аймақтық менеджерлер де қамтылды:
Алматы: Шихотов Владимир Семёнович — «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ Алматы қалалық филиалының төрағасы.
Петропавл: Витченко Владимир Николаевич — «Солтүстік Қазақстан облысының туристік қауымдастығы» ҚБ төрағасы.
Орал: Спиридонов Игорь Владимирович -«Яик» фольклорлық- этнографиялық казак орталығының төрағасы, «West Energy Group» ЖШС директоры.
Өскемен: Бибұлова АйзадаЕржанқызы – журналист, Өскемен қаласы Жастар Мәслихатының депутаты
Журналистер арасында қызмет барысын ақпараттандыру бойынша ең үздік конкурс:
Журналистер арасында Ассамблея қызметі жайлы үздік материалдар жариялау конкурсы;
Алматы, Петропавл, Орал, Өскемен қалалары этномәдени орталықтарының арасында конкурс.
Байқаудың қорытындысы бойынша жеңімпаздарға бағалысыйлықтар, грамоталар мен алғысхаттар табысталады.
Ақпарат YouTube арнасында, ҚХА-ның, «Қазақстанның орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының» сайттарында, республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарында, Facebook, Instagram, Вконтакте әлеуметтік желілерінде жарияланады.
#qogamgov #cisc2020
#ассамблея #ассамблеянародаказахстана #АНК #аорц #bizbirgemiz #бізбіргеміз
Байланыс үшін:
Жоба үйлестірушісі Вшивцева Наталья Николаевна
+7 701 750 2156, vshivceva-n@yandex.kz