Оралда тұрғын үй сертикатына құжат қабылдау барысы түсіндірілді

Бүгін Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде өткен баспасөз мәлімдемесінде тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары түсіндірілді.

Құны 1 миллион теңгеден аспайтын тұрғын үй сертификаты ҚР-ның Ұлттық Банкі бекіткен бағдарлама. Ипотека­лық бағдарлама («7 – 20 – 25») аясында және Үкімет бекіткен тұрғын үй құрылысының мем­лекеттік бағдар­ламасы («Нұрлы жер» және басқасы) аясында азамат­тардың ипотеканы пайдалана отырып, меншігіне тұрғын үй сатып алу құқық­тарын іске асыру үшін жергілікті атқару­шы органдар тұрғын үй сертификаттарын әлеу­меттік көмек ретінде немесе бюд­жеттік кредит түріндегі әлеу­меттік қол­дау ретінде ұсынады.

Бүгінгі таңда қала бойынша 19318 адам тұрғын үй кезегінде тұр екен.

Бұл әлеуметтік көмек – азаматтарға тегін, қайтарусыз беріледі. Ал әлеуметтік қолдау бюджеттік кредит түрінде, 0,01%-да қайтарымды негізде әрі шектеулі мерзіммен беріледі. Биыл Орал қаласы бойынша тұрғын үй сертификатына 56 миллион теңге бөлінді. Тек тұрғындардан екінші деңгейлі банктен төлем қабілеттілігін анықтайтын құжаттың міндетті түрде болуын талап етеміз, – деді ТҮКШ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Қанат Умралиев.

Сондай-ақ, сала мамандары тұрғын үй сертификатына өтініш келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде қаралатынын жеткізді.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тұрғын үй және жекешелендіру секторының меңгерушісі Ерлан Шайхиев сертификатты алушы санаттыларды атап өтті.

Ипотекалық тұрғын үй қарызын алу бойынша  банктен   өтінші қанағаттандырылған «Көп балалы отбасылар»,  «Толық емес отбасылар»,   «Мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылар»  санатындағы және  мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін  денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, агроөнеркәсіптік кешен және құқық қорғау салаларында қызмет ететін  мамандар ғана сертификат алу мүмкіндігіне ие болады, – деді.

Ол үшін 2020 жылдың 03 тамызынан бастап тұрғын үй сертификаттын алушы үміткер  құжаттарды «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы,  жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»   мемлекеттік мекемесініңкеңсесіне тапсыру қажет.

Тұрғын  үй сертификаттарын алу  үшін қажетті  құжаттар тізбесі:

  1. Өтініш;
    2) Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);
    3) Соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына));
    4) Осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтама;
    5) Қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің (Екінші деңгейлі банктің)  хатын қоса бере отырып жүгінуі тиіс.

Айта кетейік, көпбалалы және толық емес отбасыларға жұмыс орнынан анықтама талап етілмейді, тек соңғы алты ай ішіндегі табысын растайтын құжат болса жеткілікті. Ал жоғарыда көрсетілген қызметтегі тұрғын үй алушыларға өз саласы бойынша анықтама қағазы қажет.

Құжаттарды мына мекенжай бойынша  Қ.Аманжолов  көшесі,  69/1-үй, № 3-бөлмеде дүйсенбі — жұма күндері    сағат  9.00 –18.30 аралағында қабылдайды.  

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *