Орал қаласында Елорда күніне орай байланыссыз көше театры ұйымдастырылды.
Елімізде орын алған төтенше жағдайды ескере отырып, бас қала мерекесіне орай жастардың бос уақытын тиімді өткізу және қазақ кино өнерін қолдау мақсатында ашық аспан астында кинокөрсетілім өтті. Кино қала тұрғындарына «АвтоЦОН» ғимаратының алдында ұсынылды.
Кинокөрсетілім кезінде санитарлық талаптарды сақталды. Келушілер автотұрақта белгілі қашықтықты сақтай отырып өз көліктерінен шықпай кино көру мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар медициналық қорғаныш маска кию, әр 20 минут сайын қолды антисептикалық сұйықтықпен сүртіп отыру талаптары қадағаланды.
Алғашқы кино көрсетілімге отандық туынды «My love is Aisulu» романтикалық комедиясы таңдалыпты.
Ашық аспан астындағы көрсетілім барысында Ақжайық волонтерлері келушілерге әлем елдерін шарпыған індеттен сақтану жолдары туралы ақпараттық парақтар таратты.
Өз тілшіміз