Әр отбасына 50 000 теңге берілді

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен, Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Әлібаевтың қолдауымен Орал шаһарында тұратын он бес отбасының әрқайсысына 50 000 (елу мың) теңге көлемінде қаржылай қайырымдылық шарасы жасалды.       

Дінбасымыздың нұсқауы бойынша, діни басқарманың 30 жылдығына орай, Орал шаһарында тұратын көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар және жалғыз басты аналардың үйлеріне арнайы барып, орталық мешіттің наиб имамы Самат Қанатқалиұлы қаржыны өз қолдарына табыс етті.

Қайырымдылық жұмыстарын жандандыру ел ішінде дағдылы үрдіске айналды. Қайырымды болып, сауапты іспен жарысайық, бауырларым!

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *