Оқиға 1 шілде күні сағат 22.15 минутта Ә.Кердері көшесі 172/1 мекенжайында орналасқан бес қабатты үйдің 36-пәтерде орын алды. Ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылғы қыз бала екінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, – деп хабарлайды БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Анасы ас үйде болған кезде қыз бала ашық тұрған терезенің жақтауына шыққан. Сәбидің миы шайқалған, жабық бас-ми жарақатын алған. Қазіргі таңда ауруханада ем алуда.
Жағдайы орташа ауыр. БҚО Төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмауды тағы да ескертеді.
Құрметті ата-аналар! Балаларды қараусыз қалдырмауға, бөлмелерінде ашық терезелермен тіпті қысқа мерзімге де қалдырмауды сұраймыз, өйткені бұл қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін. Балалардың қайғылы салдарларын болдырмау үшін әр түрлі жағдайларда қарапайым қауіпсіздік ережелерін үйрету, балалардың уақытын өткізуді және қауіпсіздігін тиісті түрде бақылау керек.
Баланың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғаны болдырмау үшін келесі ережелерді ұстану қажет:
- пәтерде терезелерді және бөлмені желдеткен кезде баланың қараусыз қалмағанына көз жеткізіңіз.
- желдету кезінде фрамугалар мен форточкаларды ашыңыз. Егер сіз терезені ашсаңыз, оны 10 см артық ашпаңыз, осы мақсат үшін шектегіштерді қойыңыз.
- балконға ересектердің еріп жүруінсіз шығуға рұқсат бермеңіз.
- ешқашан ұйықтап жатқан баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз. Бала оянып, ашық терезеге баруы мүмкін.
- барлық жиһазды, соның ішінде кереуеттерді терезеден алыс қойыңыз. Бұл баланың терезе алдына кездейсоқ түсуінің алдын алуға көмектеседі.
- москит торлары үлкен қауіп төндіреді: бала алдында қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді тіреледі, нәтижесінде ең кішкентай баланың салмағына есептелмеген тормен бірге құлап кетуі мүмкін.
- егер 5-7 жастағы бала пәтерде жалғыз қалудан қорықса, оны тіпті қысқа уақытқа да қалдырмаңыз. Көбінесе, қорқыныш сезіп, балалар ата-аналарын терезеден немесе балконнан қарауы мүмкін, бұл жоғарыдан құлауына әкеп соғады.