Бүгінгі күні дәрі-дәрмектер тапшылығын азайту үшін облысқа жаңа дәрі-дәрмек партиялары жеткізілуде. «Талап» АҚ дәріханаларна 300 000 парацетамол, 45 000 пакет ацетилсалицил қышқылы, «Стофарм» ЖШС дәріханаларына 2000 цефтриаксон, 1000 дана цеф 3, 150 дана №50 гроприносин алынды. 4 шілде күні «Медсервис Плюс» ЖШС-не 75 300 дана антибиотиктер жеткізіледі.
2020 жылдың 10 шілдесіне дейін облысқа парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, анальгин, антибиотиктердің қосымша партиялары жеткізілетін болады.
Сондай-ақ, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі арқылы ресейлік өндірушілермен антипиретикалық, қабынуға қарсы препараттар мен антибиотиктерді жеткізу бойынша келіссөздер жүргізілуде. Беларусь Республикасының Борисов зауытымен келісімдер бар.
Халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін негізгі дәріханалардың иелерімен дәрі-дәрмектерді (антивирустық, антипиретикалық және антибиотиктер, дәрумендер, антикоагулянттар, қабынуға қарсы) белгіленген бағамен және бір адамға 5 данадан артық сатпау туралы келісім жасалды. Тұрғындар бактерияға қарсы және вирусқа қарсы препараттар дәрігердің келісімі бойынша сатылатының ескеру қажет.
Сонымен қатар, қалалық дәріхана желілерінде дәрі-дәрмек бағасының негізсіз өсуін анықтау мақсатында арнайы жұмыс тобымен рейдтік шаралары ұйымдастырылуда. Мысалға, «Маутова А.Ж.» және «И.П. Султанбекова» дәріханаларында шекті бағаны көтеру фактілері анықталды.
Дәріханалардағы дәрі-дәрмектер бойынша ақпарат www.stopcovid.kz сайтына жарияланатын болады.
Өңірдегі медициналық ұйымдар дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген. Дәрі-дәрмектер ауруханалар мен медициналық ұйымдарға диспансерлік есепте тұрған және ақысыз рецепт бойынша дәрілерді алатын азаматтарды амбулаториялық емдеу үшін жеткізіледі.
Коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеу үшін аймақтағы барлық медициналық мекемелер антипиретикалық, вирусқа қарсы препараттар мен антибиотиктермен қамтамасыз етілді.
Тұрғындар тарапынан дәрі-дәрмектерге қатысты сұрақтар туындаса 51-27-66, 51-04-37 телефон нөмірлеріне хабарласа алады.Сондай-ақ, тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстары бойынша «109» колл-орталығы жұмыс жасап тұр.
Бүгінгі таңда жедел жәрдем станциясында 63 техника қызмет етуде. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде 35 реанимобиль мен 2 жедел жәрдем көлігін алу жоспарланып отыр.
Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен көпбейінді қалалық ауруханада қосымша 140 орындық инфекциялық аурухана ашылатын болады. Осыған дейін карантиндік аурухана ретінде пайдалануға жоспарланған облыстық аурухананың ІІ корпусында 130 орындық провизорлық аурухана ашылады. Сондай-ақ, бұрынғы №2 перзентхана базасында қосымша аурухана және ҚПО қаражаты есебінен жұқпалы аурулар ауруханасын ашу мәселесі қарастырылуда.
Сондай-ақ, аудандардағы жұқпалы аурулар ауруханаларында орындарды көбейту жұмыстары басталды.
Бүгінгі таңда облыс бойынша коронавирустық инфекцияның 1547 симптоматикалық және 1338 асимптоматикалық жағдайы тіркелген. 66 науқастың жағдайы ауыр. Ауруға шалдыққан 21 сәбидің жағдайы орташа деңгейде.Жасанды өкпе желдеткішіне 13 адам қосылған. Коронавирус ауруынан 10 қайтыс болды.
Дәрігерлер тұрғындарды өзін өзі емдемеуге, ауру белгілері пайда болған жағдайда емханаларға хабарласып, емдеу туралы ұсыныстар алуға шақырады.
Бүгінде медициналық кадрлар мен оттегі концентраторының жетіспеушілігі үлкен проблема болып отыр.
Кеше облыс әкімі Ғали Есқалиев медицина ардагерлерімен, облыстың денсаулық сақтау және емдеу мекемелерінің басшыларымен осы мәселені талқылады. Ағымдағы және орта мерзімді мәселелерді шешуге атсалысатын денсаулық сақтау басқармасы жанындағы алқа құрамы жаңартылды.
Тәжірибелі медицина қызметкерлері онлайн кеңестері өткізетін болады. Науқастарды үйіне барып жоспарлы емдеу үшін емханаларға 12 автомобиль бөлінетін болады.
Дәрігерлерге жүктемені азайту үшін Жоғарғы медициналық колледждегі фельдшерлер мен медбикелерді жеделдетіп оқыту қолға алынды. Сондай-ақ, еліміздің басқа қалаларындағы университет түлектерінің келуі күтілуде.
10 күн ішінде Оралдағы кәсіпорындардың бірінде Бобровтың модификацияланған тыныс алу аппараттарын құрастыруды ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Облыс әкімі медицина ардагерлері мен жекеменшік медициналық мекеме басшыларын ортақ қауіп-қатерге қарсы тұруға шақырды.
«Қазір біз үшін кез-келген көмек маңызды. Бізге мамандар, ғимараттар, демеушілік қажет. Мәселе ортақ және оны бірге шешу керек», — деді облыс әкімі.