2020 жылдың 27-28 маусым аралығында өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыратын тест тапсырушыларына көлік тасымалы ұйымдастырылады, — деп хабарлайды БҚО білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан облысы бас санитар дәрігерінің 23 маусымдағы Қаулысына сәйкес, облыс аумағында 27-28 маусым күндері коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қосымша уақытша шектеу шаралары енгізілуіне байланысты сенбі және жексенбі күндері өтетін ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттеріне тест тапсырушыларды жеткізу тасымалы ұйымдастырылады.
Тасымалдауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша төмендегі телефондарға хабарласуға болады:
Орал қаласының білім беру бөлімі: 8 747 113 49 23
БҚО білім басқармасы: 8705 813 42 26