КАССАҒА ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАҒАН

Жуырда Зашаған кентінде орналасқан ірі сауда орнының біріндегі «Быстрые деньги» кассасына қарақшылық шабуыл жасады, — деп хабарлайды Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

2020 жылдың 29 мамырында күндізгі сағат 11.50 шамасында бойы шамаен 160-170 см болатын, арық денелі, үстіне қою көк қалың күртеше, қою сұр шалбар, қою жасыл бас киім киген азиат нәсілді белгісіз тұлға қарақшылық шабуыл жасаған. Бет жүзін адам танымасын деген оймен тұмшалап, оның үстіне қара маска киіп, киімдерінің жағасын көтеріп алған көрінеді. Ол «Зашаған» кентіндегі бір ірі сауда орынының 2 қабатында орналасқан «Быстрые деньги» кассасының кассиріне пышақ көрсетіп, қорқытқан. Кассир бойжеткенге пышақ көрсетіп, кассада жиналған 113 мың теңгені және 5 литрлік қауырсын ыдысқа салынған темір монеталардан жиналған 10 мың теңгені, «Айфон» маркалы ұялы телефонның наушнигін тартып алып кеткен. Осыдан кейін кассир полицияға телефон соғып, қарақшылық шабуыл жасалғаны жайлы айтып берген. 1994 жылғы Л. есімді қызметкерге 122 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген.

Осы оқиғаның ізін суытпау үшін БҚО ПД мен Орал қалалық Полиция басқармасы және Шаған Пб жауапты тәртіп сақшылары іздестіру шараларын дереу қолға алды. Қарақшылық шабуыл жасалған орыннан бейнежазбалар да алынды. Кәсіби шебер жедел уәкілдер көп кешікпей  түсте кассаны тонаған Д. есімді күдіктіні ұстады. Ол 1995 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны анықталды. Жедел уәкілдердің алдына келген күдікті кассаны тонағанын, өмір сүру үшін қаражат керек болғасын осындай қылмысқа, теріс жолға барғанын толықтай мойындады.
Бүгінгі күні күдікті Орал қаласының полиция басқармасына уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ заттар мен бейнетаспа алынды. Бүгінгі күні Шаған Пб Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192 бабының 2 бөліміне сай қылмыстық іс қозғалды, тергеушілер қылмыстық істі тергеуде.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *