Жуырда орын алған бірнеше қылмыстың беті ашылды, - деп хабарлайды Орал қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Бірінші мамыр күні сағат 17.30 шамасында Орал қ.ПБ ЖПҚб 15 учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Айдар Дусалиев Ә.Молдағұлова көшесіндегі 24 үй тұрғынын ұстады.1982 жылғы Л.есімді азаматша 31 мамырда «Строитель» ықшам ауданы, 34 үй ауласындағы орындықтардың бірінде тұрған «Айфон» маркалы ұялы телефонды ұрлап, оқиға орнынан кетіп қалған. Тіркелген арыз бойынша тәртіп сақшылары әйел адамды құрықтады. Ол ұрлыққа жол бергенін мойындады.
Ал 1 маусымда сағат 10.45 шамасында Деркөл кентіндегі бір көшеден 1985 жылғы Е. есімді азамат ұсталды. Күдікті деп танылған азаматтың мекенжайы тексерілгенде үйінен сұр- жасыл түсті, өсімдік тектес зат табылып, 14-УПП-нің инспекторы,полиция майоры Тілек Қожамберлиев басқармадан жедел тергеу тобын шақыртқан. ЖПҚб инспекторы Т.Қожамберлиев алғашқы материалдарды жинақтады, іс тергелуі үшін тіркелді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
2 маусым күні 15-УПП инспекторларына 1971 жылғы И. есімді азаматтан арыз түскен. Арыз мазмұнында үй дәлізінен «STELS» маркалы велосипедтің ұрланғаны баяндалған. Ұрлық жасаған күдіктіні жедел іздестіру іс шаралары барысында 1997 жылғы Н. есімді азамат ұсталды. «Строитель» ықшам ауданында тұратын күдіктіден 15-УПП -нің инспекторы, полиция майоры Альнур Махамбетьяров велосипедті тәркіледі. Бүгінгі күні велосипед өз иесіне қайтарылды.
Сондай-ақ маусымның 3-інші жұлдызында сағат 21.00-де 1965 жылғы А. есімді жігіттің анасы ұлының есірткі тектес затын пайдаланатынын жазып, басқармаға шағымданған. Шағым ретімен мекенжайға барған 11-УПП инспекторы, полиция капитаны Ғали Байтілепов күдіктінің үйіндегі ас бөлмесінен әйнек құтының ішінде ауызы жабық, сары түсті өсімдік тектес ерекше иісі бар белгісіз затты тапқан. Есірткі тектес зат сот -медициналық сараптамасына жіберіліп, күдікті азамат анықтаушылар алдына жеткізілді.
2020 жылдың 15 мамырында сағат 20.00 шамасында белгісіз тұлға С.Тюленин көшесі, 50 үй тұрғынына түрлі дене жарақаттарын келтіріп, ұялы телефонын ашық түрде тартып алған. 1974 жылғы В. есімді күдікті ұсталып, бейтаныс жанды тонағанын, соққанын мойындады. Тонау қылмысын 11 УПП- инспекторлары, полиция капитаны Ақылбек Айткужин мен Алмасбек Гайсин ашты.
2020 жылдың бес айының жұмыс қорытындысында ЖПҚб мен ЮПб бірлесіп 388 қылмыс ашты. Патрульдік полиция батальонымен бірлесіп тіркелген 1041 қылмыстың ізі суымай ашылды. Учаскелік полиция инспекторларының өз күштерімен, жеке іздестіруімен 887 қылмыс ашылды,- дейді Орал қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Жантемір Иманалиев.
Қылмыстарға тосқауыл қою, түрлі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатындағы іс- шаралар алдағы уақытта жалғаса бермек.