«Ел үлесі — пәтерге» жобасымен кезекті пәтердің кілті табысталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдық мерейтойына орай «Ел үлесі — пәтерге» жобасы аясында  Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Еңбек ауылының азаматы   Аманжан Есенжановқа 231-інші  баспананың кілті берілді.

 Игілікті шараға ҚМДБ-ның жанындағы «Зекет» қорының жетекшісі, БҚО  облыстық орталық мешітінің наиб имамы  Самат Әлібаев, Теректі халқымен бірге аудан мешіті және «Бірлік» қоғамдық бірлестігі мен жеке кәсіпкерлердің ұйытқы болуымен жүзеге асырылды. Аманжан – бірінші топ мүгедегі.

Пәтер кілтін табыстауға Самат Қанатқалиұлы арнайы келіп, дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін айтып,  жаңа қонысымен құттықтай отырып, барша қол ұшын созған азаматтарға алғысын білдірді.

Баспаналы болған Аманжанның жаңа қонысында ұйымдастырушылар мен тілекші қауым дастарханнан дәм татып, жылы лебіздерін білдірді.

Алла Тағала сізбен бізді осындай бірлігіміз бен кең жүрегімізден айырмасын. Аманжан бауырымызды  үймен қуантқанымыздай Жаратушы иеміз сіздерді, әрқашан қуанышпен, шаттыққа, табысқа жетулеріңізді нәсіп етсін!

Нұрлан САМАТҰЛЫ,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *