Осындай атаумен БҚО білім басқармасы биыл 1-12 маусым аралығында ұйымдастыратын Ұлттық ақпараттық науқаны «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өтеді.
Науқанды өткізудің негізгі мақсаты – қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.
Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады.
Бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған жағдайда, балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетуді алдын алу үшін Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының — 8 (7112) 260463 сенім телефоны мен тұрақты жұмыс істейтін облыстық call-орталығына 1301 хабарласа аласыздар.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі