Теректілік жанұяға баспана бұйырды

Қасиетті Рамазан айының құрметіне ҚМДБ-ның жанындағы «Зекет» қорының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 216-шы баспана Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында берілді.

Бұл баспана жетімдер үйінде тәрбиеленген, екі баланың анасы Анар Мақсотқызына бұйырды. Бас мүфтидің бастамасымен республика аумағында жүзеге асырылып жатқан «Ел үлесі пәтерге» қайырымдылық шарасы аясында мұқтаж отбасының баспаналы болуына себепші болдық.

Аталмыш жоба мешіт имамдарының халыққа, жамағатқа түсіндіре жеткізе білген насихаттарының нәтижесінде іске асуда. Бұл сауапты іс-шараға  Оралдағы Тәжиден Батырұлы атындағы мешіттің бас имамы Руслан Сұлтанов,  «Назар аудар» әзіл театрының әртістері мен кәсіпкерлер қатысты. Жаңа қоныс иелеріне қаланың бас имамы Руслан Тыныштықұлы тозаңтқыш пен диван, ал «Назар аудар» ұжымы кілем тарту етті. Теректі аудандық мешітінің бас имамы Еркінбек Ебелекқазиев азық-түлік пен тәттілер табыстады.

 Дінбасымыз Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізген Руслан Тыныштықұлы шараға жиналған қауымға қайырымдылық, мейірімділік жайлы уағыз айтып, баспана кілтін иесіне табыстады.

Нұрлан САМАТҰЛЫ,

ҚМДБ-ның БҚО-дағы баспасөз хатшысы

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *