2020 жылдың 18 мамырынан бастап Батыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 16 мамырдағы №15-ПГВр Қаулысы бойынша бірқатар сала қызметін жандандырады.
— 30 орынға дейінгі ашық үлгідегі жазғы кафелер-сағат 11:00 ден 20:00-ге дейін;
— ауданы 2000 ш.м. дейінгі азық-түлік емес дүкендер (барлық бағыттар)-сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
— азық-түлік емес базарлар — сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;
— туристік компаниялар – сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;
— білім беру орталықтары, үйірмелер, балалар даму орталықтары (толымдылығы 10 адамнан аспайтын) -2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция жүргізу және үй-жайларды желдету-сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін;
— спорт нысандары (тек ашық алаңда, 30 адамға дейінгі спортшылар үшін, көрерменсіз); теннис корты (30 адамға дейінгі спортшылар үшін, көрерменсіз), барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция жүргізу және үй-жайларды желдету;
— мәдениет нысандары (қызметкерлер үшін, 30 адамға дейін, көрерменсіз), барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер)жеткілікті саны болуы, дезинфекция жүргізу және үй-жайларды желдету;
— химиялық тазалау жұмыстары — сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.
Ал 2020 жылдың 20 мамырынан бастап, мектепке дейінгі балалар ұйымдарында жас ерекшеліктеріне қарай бір кезекші топтан ашылады (біріктірілген бөбекжай және 1-ші кіші, 2-ші кіші, орта, біріктірілген жоғары және мектепке дейінгі топ, бірақ әр жас тобында 15 баладан артық емес), жатын үй-жайларда кемінде 1 метр қашықтықты, барлық санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды және эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтау: жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, санитайзерлер, антисептиктер) жеткілікті саны болуы, дезинфекция, желдету және үй-жайларды кварцтау. Медициналық қызметкер балабақшаның барлық қызметкерлері мен балалардың күн сайынғы таңертеңгілік фильтрін жүргізеді. Учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтамалары бар балаларды қабылдау (3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда). Жіті респираторлық жұқпалар (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулардың белгілері бар қызметкерлер мен балаларды жұмысқа жібермеу.