Осындай атаумен 9-10 сынып оқушылары арасында қашықтықтан облыстық зияткерлік сайысы өткізілді.
БҚО білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығы ұйымдастырған зияткерлік сайысқа барлығы 269 батысқазақстандық оқушы қатысты. Сайысты өткізудегі мақсат – балалардың математика, физика, география, биология пәндеріне қызығушылығын арттырып, дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбектене білуге үйрету, олардың ойлау қабілетін, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіре отырып, талантты оқушыларды анықтау.
Облыстық қашықтық зияткерлік сайыстың қорытындысы бойынша 9-сынып оқушылары арасында жүлделі І орынды Тасқала ауданының «Сәулет» мектеп-лицейінің оқушылары А.Қуанышкалиева, Қ.Ғазез, Орал қаласындағы №41 жаратылыстану-математика бағытындағы мектеп-лицейінің оқушысы Д.Қаташев жеңіп алды. Ал 10-сынып оқушылары арасында Шыңғырлау ауданындағы Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы З.Таганиязова жеңіске жетті.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі