Бүгіннен бастап барлық өңірдегі бірнеше кәсіпкерлік субъектілерге жұмысын жалғастыруға рұқсат беріледі деп жазады BAQ.KZ сайты.
Осыған дейін 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілген болатын. Олар:
— аумағы 500 ш. м-ге дейінгі азық-түліктік емес дүкендер, сағат 17.00-ге дейін (барлық түрлері);
— фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер;
— шаштараздар (жазылу бойынша);
— медицина орталықтары (жазылу бойынша);
— стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша);
— жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
— шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;
— ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.
Сондай-ақ, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі. Тағы бір айта кетерлігі, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастары қайта жанданады.
BAQ.KZ сайтынан