42 500 теңге: Өтініші жауапсыз қалғандар қайда хабарласуы керек?

 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері төтенше жағдай кезінде кірісті жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлем алуға байланысты азаматтардың 42500.enbek.kz сайтына жіберген өтінімдерін және сол сайтта жазған өтініштері мен арыздарын тәулік бойы өңдейді.Бұл туралы BAQ.KZ сайты хабарлады.

Еңбек министрлігінің қызметкерлері сайтқа келіп түскен әрбір өтінішті қарайды, өтініш берушілерге қателерді жоюға көмектеседі және сұрақтарға жауап береді.

Әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш берген азаматтар ЖСН немесе банктік шоттың 20 таңбалы нөмірінде жиі қателер жібереді. Қазақстандықтар өтінімді көбіне ұялы телефон не компьютер арқылы толтырғандықтан сандардың орнын ауыстырып алады, не қате толтырып жіберіп жатады. Осындай жағдайға тап болған азаматтарға мамандар өтініш берушімен байланысып, азаматтарға жіберілген қателіктерді жоюға көмектеседі. Төтенше жағдай кезінде республика бойынша бүгінгі күні 3,7 млн астам адамға әлеуметтік төлем тағайындалды, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Биыл 11 сәуірінен бастап 42500.enbek.kz сайтына 118 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Орташа алғанда тәулігіне 17 мыңнан астам өтініш келіп түседі.

Азаматтардың сұрақтарына жедел жауап беру, олардың өтініштерін барынша тез қарау үшін Министрліктің қызметкерлері қазір төрт топқа бөлініп жұмыс істеуде.

Әрбір өтінім жеке қаралады, қателерді жою бойынша көмек көрсетіледі, сол арқылы халықтың оларға қажетті көмек алуға мүмкіндігі бар.

Келіп түскен өтініштерді талдау бойынша сұрақтардың көбі: бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлеу тәртібіне; бала күтіміне байланысты (декреттік) демалыстағы әйелдерге төлемдерді тағайындау тәртібіне және т. б. қатысты.

Сұрақтардың бір бөлігі екі ұйымда жұмыс істегені үшін төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем берілмегеніне келіспейтін азаматтардар келіп түсуде.

ҚР Үкіметі 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алуға қатысты азаматтардың өтініштерін (арыздарын) қарастыратын 4 мекемені анықтаған болатын.

Олар:

1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 42500.enbek.kz сайты. Бұл сайтта азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша барлық мәселе қарастырылады.

2) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы». Бұл мекеме азаматтар қате ұсынған банктік шоттың нөмірлері мен ЖСН-ін анықтап, өтініш берушілерге дұрыс деректерді қайта ұсыну үшін хабарлама жібереді. Азаматтардың түзетілген деректері негізінде оларға 42500 теңгені тағайындау үшін «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-на жібереді.

3) 1414 call-орталығы. «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ның 1414 call-орталығы жүгінген адамның мәртебесі және әлеуметтік төлемдерді алу құқығы, сондай-ақ төлемді жүзеге асыру туралы ақпарат айқындалады.

4) 1411 call-орталығы. «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ мемлекеттік корпорациясының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ тікелей жұмыс істейтін call-орталығы. Бұл жерде азаматтарға төлем тағайындау, төлемнің кешіктірілу себептері және төлемді беруден бас тарту туралы ақпарат ұсынылады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *