Қос ауданда қатты жел шатырларды жұлып кетті

12 сәуір күні мұндай жағдай Батыс Қазақстан облысының Жәнібек және Тасқала аудандарында тіркелген. Бұл туралы БҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Баспасөз мәліметіне сүйенсек, екпіні 20 м/с-қа дейін жеткен қатты жел салдарынан аталған аудандарда ғимараттардың шатыры жұлынып кеткен. Абырой болғанда, қаза болғандар мен зардап шеккендер болмаған.

Өткен аптаның жексенбісінде «112» қызметі желдің секундына 15-20 метрге дейін күшейетіні туралы SMS-хабарлама таратқан болатын. Осыған орай төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері тұрғындарды ауа райының өзгерістерін қадағалап, сақтық шараларын сақтауды ескертеді:

* дауылдан жер асты өткелдерінде, кіреберістерде, дүкендерде жасырынуға болады. Жарнама қалқандарының, ағаштардың, бағандардың артында, үй қабырғаларының жанында, шатырларда жасырынуға, сондай-ақ электр беру желілерінің астында тұруға болмайды.

* автокөліктерді ағаштардың, билборд конструкцияларының, электр сымдарының астына қоймаңыз.

* дауылды ескерту туралы хабарламаларды елеусіз қалдырмаңыз.

Құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі – «112»

Өз тілшіміз

(сурет ғаламтордан алынды)

 

 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *