Үйі жоқтарға 2 пайыздық жеңілдікпен ипотека беріледі

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» азаматтардың кейбір санатына жылдық 2%-бен арзан ипотека беруді жалғастыратынын айтты деп хабарлайды «BAQ.KZ» сайты.

– «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» биыл 49 млрд теңге есебінен көпбалалы, толық емес және мүгедек балалары бар отбасыларға жылдық 2 пайызбен жеңілдікпен қарыздар беруді жалғастырады. Осы мақсатқа 49 млрд теңге қарастырылған. Соның арқасында бес мың адам баспана жағдайын жақсартады. Қосымша пилоттық жоба шеңберінде 210 млрд. теңге бөлінді, бұл «5-10-20» шарттары бойынша 16 мың несие беруге мүмкіндік береді, – деді Қайырбек Өскенбаев.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, бүгінгі таңда құрылыс өнімдерінің негізгі материалдарына нарықтың сұранысы 669 млрд. теңгені құрайды. 330 млрд. теңгенің өнімі өзімізде өндірілсе, 339 млрд. теңгенің өнімі импортталады. Импортты алмастыру жұмыстары аясында 33 жаңа жоба іске асырылуда. Осы кәсіпорындарды іске қосқаннан кейін, импорт үлесі 54%-ға дейін төмендейтінін және тұрғын үй құрылысында қазақстандық құрылыс индустриясының өнімдерін қолдану 95%-ға дейін артатынын мәлімдеді вице-министр.

«BAQ.KZ» сайтынан

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *