Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өте алады?
Төменде атап көрсетілген анамнезінде (ауру тарихында) соңғы екі ай ішінде шалдыққан ауру дерегі болған немесе қазіргі уақытта ЖРВИ, пневмония, ЖРА белгілері бар қауіп топтарындағы барлық тұлғалар:
1. Коронавирус таралуының алдын алу іс-шараларына қатысатын тұлғалар: жедел жәрдем саласының медициналық қызметкерлері, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, стационарлардың қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлері;
2. Медициналық көмек көрсетуге тікелей қатысатындар;
3. Тыныс алу ағзаларының ауыр созылмалы ауруларымен диспансерлік есепте тұрған тұлғалар;
4. Ауруханаға жатқызылмаған респираторлық симптомдары (ЖРВИ, пневмониялар, ЖРА) бар науқастар;
5. Ауруға шалдығушымен ықтималды қатынастарда болған қатарға жататын тұлғалар;
6. Автоөткелдер мен темір жолдардағы мемлекеттік шекарадан өткізу бөлімшелері арқылы Қазақстанға сапарлап келетін азаматтар;
7. Коронавирус таралуының алдын алуға қатысатын орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері (Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, Ұлттық гвардия, ҰҚК, Кеден қызметі, Әкімдіктер қызметкерлері;
8. Карантиндік аймақтардың тіршілік қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлер (коммуналдық қызметтердің, тағам өнімдерін, дәрі-дәрмектер өткізетін сауда объектілерінің, жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, көлік тасымалының, ПИК қызметкерлері, дезинфекция қызметін көрсететіндер және т.б.);
9. Тек эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша өзге тұлғалар.
COVID-19 экспресс-тесттексеруінен өту үшін не істеу керек?
1. ҚР ДСМ Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының https://formcovid.eisz.kz/index.html сайтында сауалнама толтыру;
2. Эпидемиологиялық іріктеу көмегімен бірінші кезекте тест тексеруінен өткізілетін азаматтардың санаттары көрсетілген;
3. Азаматтардыңосы санаттары коронавирус экспресс-тест тексеруінен тегін өтеді.
COVID-19 тест тексеруінен өту рәсімі
1. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін COVID-19 тест тексеруінен өту рәсімі басқа талдаулар қабылданбайтын, қатаң түрде биоматериал алу үшін белгіленген бөлімшелерде өткізіледі (сауалнамаларды іріктеу қорытындылары бойынша).
2. Пациенттер экспресс-тест тексеруіне қатаң түрде көрсетілген уақытта шақырылады және өз кезегін өзара 1,5-2 метр арақашықтық сақтап, көшедегі қан тапсыру бөлімшелерінің алдында күтеді және орынжайға бір-бірден шақырылады.
3. Кіретін және шығатын пациенттер легі екі жаққа бөлінеді.
4. Медициналық бетперденің болуы міндетті.
Тест қайда және кім арқылы өкізіледі?
1. Жедел жәрдем бригадалары (шұғыл шақыртулар).
2. Зертханалық қызметтердің мобильді бригадалары, арнайы жасақталған бөлімшелерде (тек шақыру бойынша).
3. Авто және темір жол өткелдерінде (ҚР аумағына сапарлап келетін азаматтар үшін).
4. Стационарларда (тек медициналық көрсетілімдер бойынша).
COVID-19 экспресс-тест неден тұрады?
1. Экспресс-тест бірнеше реагент жағындысымен ендірілген тест-жолағы бар бір реттік пластик құрылғыдан тұрады.
2. Тест өткізу үшін күрделі құрал-жабдық қажет емес. Талдауға қан саусақтан алынады, барлық пайдаланылатын құралдар стерильді және бір реттік.
3. Осындай тест өткізу нәтижесін 15 минут ішінде алуға болады.
COVID-19 экспресс-тестнәтижесі сенімді ме?
1. Экспресс-тест арқылы коронавирус инфекциясының диагнозы қойылмайды, өйткені онда ағзадағы вирус анықталмайды, тек оған деген иммундық жүйенің реакциясы бағаланады.
2. Экспресс-тестілер сенімділігі 90%-дан аспайды, сондықтан 10% дейінгі жағдайда әрі жалған-теріс, әрі жалған-оң нәтижелер алуға болады.
3. Диагнозды растаудың негізгі әдісі бұрынғыша коронавирус РНҚ анықталатын аңқадан алынатын ПТР жағындысы болып табылады.
Егер COVID-19 экспресс-тесттеріс нәтиже көрсетсе:
1. Теріс тест нәтижесін алу инфекцияның жоқ екенін немесе инфекция жұқтырудың таяуда болғанын, ал антиденелердің әлі түзіліп үлгермегенін айғақтай алады.
2. Вирустың осылай тасымалдануы қоршаған қауымға қауіпті болуы мүмкін, сондықтан егер сіз карантинде болсаңыз, оқшауланған күйде қалып, барлық профилактикалық шараларды қадағалау керек.
3. Карантин аяқталғанда инфекция жұқтыруды түпкілікті жоққа шығару үшін қайталап тест өткізу қажет.
COVID-19 экспресс-тестісінің жұмыс істеу қағидаты
1. Тест қағидаты SARS-CoV-2 (COVID-19) коронавирусына IgG/IgM класс антиденелерін қанда анықтауға негізделген. Инфекция жұқтырудан кейін 7-10 күн өткенде бірінші болып IgM класс антиденелері өндіріледі. Олар аурудың жедел сатыда екенін айғақтайды.
2. Инфекция жұқтырудан кейін 2-3 апта өткен соң IgG класс антиденелері өндіріледі, ол инфекцияның көтерімді өткенін және қалыптасқан иммундық жауапты білдіреді.
3. Егер адамда IgM класс оң антиденелері (немесе IgM және IgG оң антиденелерінің екі класы) табылса, онда инфекция жұқтыру 7-14 күнге жуық уақыт бұрын орын алған.
4. Егер IgG класс оң антиденелері табылса – бұл бұрын осы адамның коронавируспен байланысы болғанын немесе осы инфекцияны иммундық жауап қалыптасуымен көтергенін білдіреді.
Coronavirus2020.kz