Автобекет жұмысын тоқтатады

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәжілісінде салалық мекеме өкілдері мәлімдеді.

Баспасөз мәжілісінде БҚО көліктік бақылау инспекциясының автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы Серік Үбішов пен БҚО жолаушылар көлігі және автомобил жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек  Менеев осы сауалдарға жауап берді.

БҚО Бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік кестесі таңғы сағат 06.00 мен кешкі сағат 19.00 аралығында шектелді. Сондай-ақ шектеулерді енгізу негізінде жолаушылар ағынының азаюына байланысты барлық қалаішілік автобустар саны қысқартылып, маршруттардың аралық уақыты 15 минуттан 30 минутқа дейін артады.Қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтатылады.

Облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына сәйкес облысішілік 23, облысаралық Атырау,Ақтөбе бағытындағы маршруттар жұмысын тоқтатқан. Бұл туралы БҚО жолаушылар көлігі және автомобил жолдары басқармасы басшысының орынбасары Қазбек Абдулғазизұлы айтып  өтті.

Сондай-ақ, 1 сәуірден бастап  қаладағы автобекет өз жұмысын тоқтатады. 30 наурыз «Орал-Бурабай» бағытындағы пойыз тоқтаса, бүгін «Орал-Ақтөбе» , «Орал-Шыңғырлау», «Орал-Озинки» бағытындағы пойыздардың жұмысы шектеледі.

Вирустың таралуына шұғыл түрде жол берген ол біздің саладағы тасымалдаушылар. Мысалы, бұл індеттің тасымал кезінде таралып жатқанына көзіміз жетіп отыр. Сондықтан көлік жүргізушілерін БҚО бас санитариялық дәрігерінің қаулысы шеңберінде бекіткен ережелерді сақтауға шақырамыз. Бұрын орта бизнесті көтеру бағында жүргізушілердің медициналық кітапшасы мен көліктердің санитарлық төлқұжаты алынып, кейбір талаптар жойылды. Алдағы уақытта бұл мәселелерді қайта қарау керек секілді. Дәл қазіргі уақытта осы талаптардың қажеттілігі туындап отыр, — деді БҚО көліктік бақылау инспекциясының автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы Серік Рашидұлы.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *