Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №5-ПГВр қаулысына №2 қосымша сәйкес
2020 жылдың 31 наурызы күнгі сағат 00.00-ден бастап карантин енгізілуіне байланысты Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы/аудандарының елді мекендеріне (елді мекендерінен) кіруге (шығуға) тыйым салынады.
Енгізілген шектеулер, растайтын құжаттарын ұсынған жағдайда келесідей тұлғалар мен көлік құралдарына ҚОЛДАНЫЛМАЙДЫ:
1) медициналық көмек қызметі, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, сондай-ақ медициналық персонал (дәрігерлер, медбикелер, санитарлар);
2) азаматтық қорғау қызметінің, өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлері;
3) коммуналдық, авариялық қызметтердің қызметкерлері мен көліктері: электр, газ, су және жылумен жабдықтау, қалдықтарды жинау, сондай-ақ байланыс және коммуникация (автокөлік мемлекеттік тіркеу нөмірі бойынша және жүргізушілер);
4) жерлеу қызметтерінің қызметтері мен көліктері, сондай-ақ ілесіп жүрген адамдар саны 20-дан аспауы, автокөлік саны 4-тен аспауы тиіс;
5) кез келген жүктерді жүк және транзиттік тасымалдау: тек жүк көлігі, көлік құралдары жүк тиелген немесе бос болуы мүмкін, жүргізуші және кемінде 1 жолаушы;
6) мамандандырылған инкассаторлық көлік;
7) БҚО ПД, БҚО ТЖД, БҚО прокуратурасы, ҰҚК БҚОД, СЖІҚҰБ БҚОД, БҚО ЭТД көліктері мен қызметкерлері қызметтік куәліктерін көрсеткен жағдайда;
8) ҚР Ұлттық гвардия, ҚР Қарулы Күштері, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері мен көліктері қызметтік куәліктерін немесе әскери билетін және әскери бөлім командирі қол қойған, қызметтік қажеттілікті растайтын құжатты ұсынған жағдайда, жедел қызметтің әскери қызметшілері тек арнаулы автокөліктерде;
9) бұрын Қазақстан Республикасы аумағына кірген шетел азаматтары Батыс Қазақстан облысы аумағынан шыққан кезде;
10) бұрын шет мемлекеттер аумағына кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары Орал қаласының халықаралық әуежайы арқылы Қазақстан Республикасына қайтқан кезде;
11) ерекше жағдайларда, Батыс Қазақстан облысының аумағынан тыс жерлерге емделуге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары, Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының рұқсатын ұсынған кезде;
12) ерекше жағдайларда, Орал қаласына емделуге шыққан облыс аудандарының тұрғындары Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының рұқсатын ұсынған кезде;
13) емдеу аяқталғаннан кейін Орал қаласының/аудандардың медициналық ұйымдарынан шығарылған аудан тұрғындары, медициналық картадан үзінді негізінде;
14) Орал қаласының/аудандардың елді мекендері перзентханаларынан шығарылған босанған әйелдер жаңа туған нәрестелерімен, медициналық картадан үзінді негізінде;
15) Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің дипломатиялық қызметі персоналдары мен олардың отбасыларының мүшелері, сондай-ақ шет мемлекеттер делегацияларының мүшелері мен олардың отбасылары, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстанға бағыт алған шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар делегацияларының мүшелері;
16) пойыз және локомотив бригадаларының мүшелері, сондай-ақ теміржол тасымалдау процестеріне қатысатын тұлғалар, әуе, теңіз кемелерінің экипаждары;
17) әуе транзиттік қатынас арқылы келе жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шет мемлекеттердің азаматтары, Орал қаласына кіру/шығу кезінде растайтын құжаттарын ұсынған кезде;
18) карантиндік оқшаулауда болған басқа өңірлердің тұрғындары мен шет мемлекеттердің азаматтары Орал қаласынан шыққан жағдайда медициналық картадан үзінді бойынша;
19) зертханалық қызметтерге сынамалар жүргізу үшін биоматериалдар мен биоқалдықтарды, автокөліктер мен тасымалдаушыларды қалаға кіру құқығынсыз блокпосттар арқылы беруге рұқсат етіледі;
20) Орал қаласы/аудандардың жұмыс тобының арнайы рұқсаты бойынша ерекше жағдайларда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының/аудандарының елді мекендеріне (-нен) кіретін (шығатын) адамдар.