Коронавирус індетінің таралуына байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты батысқазақстандық дін өкілдері тыныштық үшін дұға жасады деп хабарлайды ҚМДБ-ның БҚО-дағы баспасөз қызметі.
Төрткүл дүниені үрейге салған COVID-2019 жұқпалы індетіне қатысты ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфтиНаурызбай қажы Тағанұлы хазреттің жасаған үндеуіне өңіріміздің имамдары да үн қосты. Осы ретте облыстың бас имамы Мұратбек Қыстаубаев және Орал орталық мешітінің наиб имамдары Самат Әлібаев, Мейрамбек Әбдірахманов, Наурыз Убаев, Асхат Асылбеков Құран хатым оқып, еліміздің амандығы мен тыныштығы үшін дұға тіледі.
Құранды толықтай оқып шыққан имамдар ел амандығы, әлемге таралған пандемияның емін беруді, қазақ еліне тыныштықты, мешіттің жамағаттың толуын тіледі.