Төтенше жағдайға байланысты талап – баршаға ортақ

Төтенше жағдайға байланысты талап – баршаға ортақ

Орал қалалық полиция басқармасы тұрғындарды елімізде болып жатқан жағдайға байланысты оқшаулау шараларына қатысты тәртіпті сақтауға шақырады.  

Әр адамның жауапкершілігі –ортақ қауіпсіздік кепілі. Республика деңгейінде қолға алынған оқшаулау шаралары аясында қалалық ПБ-ның қоғамдық орындарды тексеретін патрульдік жасақтары күшейтілген жұмыс режіміне көшті, полицияның жеке қүрамы жұмылдырылды. Әсіресе, ЖПҚб учаскелік полиция инспекторлары басқармадағы мүдделі құрылымдық бөліністермен бірігіп, түнгі рейдтер өткізуде. Шара барысында әр инспектор өзі қызмет көрсететін әкімшілік аймақтағы кафе, мейрамхана, түнгі клубтар мен өзге де ойын-сауық орындарын тексереді. Төтенша жағдайға байланысты қойылған талаптарға құлақ аспаған бизнес иелеріне заң аясында айыппұл салынады.

Мысалы, Абай полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қала орталығындағы көпшілік тамақтанатын орындар мен ойын-сауық орындарына рейд өткізді. Бұл жолы түнгі рейдке Абай Пб учаскелік полиция инспекторларымен бірге волонтерлар, өзге де мүдделі ұйым өкілдері шықты. Мұндай іс-шаралар алдағы күндері де жалғасын табады.

Заң баршаға ортақ, талаптарын орындауға бәріміз міндеттіміз.

Орал қалалық полиция басқармасы баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *