ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жұқпалы індетті жұқтыру бойынша екі жағдай тіркелген.
Ресми ақпараттарға сүйенсек, елімізде коронавируспен зақымданған 62 науқас анықталған. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 32, Алматы қаласында – 26, Қарағанды қаласында – екі, Алматы облысында – бір, Ақтөбе облысында бір.
Өз тілшіміз