Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мұхамғали Қайыржанұлы Арыспаев, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабы 3-тармағын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылдың 19 наурызындағы № 1-ПГВр «Батыс Қазақстан облысының аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер еңгізілсін:
1- тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
— аумағы 2000 шаршы метрден кем сауда объектілерінің (сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары, супермаркеттер, шағын маркеттер және басқа да бөлшек сауда объектілері) жұмысын сағат 09.00-ден 21.00-ге дейін шектеу. Кемінде 1 (бір) метр қашықтықты сақтай отырып, кезектің 5 адамнан артық түзілуіне жол бермеу;
2. Осы қаулы барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың назарына, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізілсін.
3. Осы қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке кәсіпкерлердің, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енеді.
Батыс Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері М.Арыспаев