Бірнеше мәрте қолдануға болатын медициналық маска шығарылуда

Семейде күніне 100 мың бірнеше мәрте қолдануға келетін медициналық маска шығарыла бастады, — деп хабарлайды BAQ.KZ

Өңір билігінің хабарлауынша, бұл облыстағы бетперделерге деген сұранысты толықтай қамтамасыз ететін көрінеді. Бетперделер өндірудегі негізгі жұмыс көлемін Семей қаласындағы тігін фабрикалары орындауда. Олардың бірі – «Семейспецснаб» кәсіпорны. Бүгіннен бастап атамыш кәсіпорын тәулік бойы үздіксіз жүргізіп отырмақ Медициналық бетперделер бірінші кезекте медицина қызметкерлеріне, зейнеткерлерге, балаларға, студенттерге, мұғалімдер мен кәсіпорындардың жұмысшыларына берілмек.

IMG-20200316-WA0114.jpg

Қазіргі уақытта аталған кәсіпорындағы барлық жұмысшылар бетперде тігумен айналысып жатыр. Бірнеше қабат матадан тігілген маскалар жууға ыңғайлы.

Шикізат жеткізуші Сәуле Тағаеваның айтуынша, кәсіпорынға қажетті материалдар Өзбекстан мен Ресейден жеткізілуде. Тығыз дәкеден бірнеше қабат етіп тігілген масканы бірнеше рет қолдануға болады екен. Бүгінгі күні шикізаттың алғашқы партиясы жеткізілсе, келесі партиясы науырз айының 26 жұлдызына қарай жеткізілмек.

Жұмыс үрдісіне облыстағы 10 кәсіпорын жұмылдырылған. Олардың барлығы бірінші кезекте осындай құралдарды өндірмек. Олардың бірі «Ук Юнис» ЖШС-і. Бұл кәсіпорынның бір ерекшелігі шикізатты толықтай өздері дайындап шығарады.

Аз уақытта, ең ұзағанда екі аптаның ішінде 1,5 миллион маска дайындаймыз. Қысқа мерзімде алты миллион маска шығаруымыз керек. Осылайша өңір тұрғындарының сұранысын толық қамтамасыз етеміз. Сол себепті қазіргі уақытта бізге тыныштық пен сабырлықты сақтаған жөн. Біз өз тарапымыздан коронавирусқа қарсы тұруда өте маңызды аталмыш медициналық құралмен халықты бірінші кезекте қамтамасыз етуді мақсат етіп отырмыз, – деді кәсіпорын жұмысымен танысқан өңір басшысы Даниал Ахметов.

06.jpg

Қоса кетсек, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанның елді мекендеріндегі дәріханаларда медициналық маскалардың тапшылығы сезілуде. Әлеуметтік желілерде көпшіліктің талқысына кеңінен түскен бетперде тақырыбындағы пікірталастың басым бөлігі олардың бағасына келіп тірелуде.

04.jpg

Атап айтсақ, желі қолданушылары медициналық бетперделердің бағасы 50 теңгеден 250-300 теңгеге шарықтап кеткенін жарыса жазуда.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *