«Жеңіс» əндері шырқалды

Жуырда «Нұр Отан» концерт залында Жастар шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен Леонид Сметанниковтың концерттік бағдарламасы өтті.

Леонид Анатолийұлы Сметаников — КСРО-ның Халық əртісі, профессор, баритон дауысты əнші. Ол ел жадында сақталған «Жеңіс» күнінің əнұранына айналған «День Победы» əнінің  орындаушысы.

Дирижер Асхат Хасановтың қолдауымен Батыс Қазақстан облысы əкімінің сүйемелдеуімен əншінің «Возвращение Легенды» атты концерттік бағдарламасы көрерменге ұсынылды. Кеште Новиковтің «Смуглянка» əні , Бабаджанянның «Будь со мной», «Благодарю тебя», Кодмоновскийдің «Я люблю тебя жизнь» атты əндері жəне өзге де шығармалар орындалды. Əн кешінде көрермендерге жігер беретін рухты əндерде шырқалды.

Облыстық мәдениет басқармасы атынан кеш қонағына алғыс хат пен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Гүлзинат Қибатова

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *