Жұбан кітапханасы марафонды бастады

Бүгін қаламызда «Жастар жылы — жаңғыру жолы» атты библио- марафон салтанатты түрде ашылды.

Ж.Молдағалиев атындағы ОҒƏК ұйымдастыруымен өткен шара «»Жастар жылына» арналды. Шараға Алматы қаласындағы «Болат» медиа мекемесінің басшысы, «Үш қоңыр» республикалық əдебиет, мәдениет, өнер газетінің редколлегиясының бас кеңесшісі Болат Батырұлы жəне М.Өтемісов атындағы БҚМУ жанындағы «Рухани жаңғыру» институтының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев,  өңіріміздегі жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері қатысты.
Шараның мақсаты — жалынды, өршіл рухты жастарды кітап оқуға тарту, «Бір ел — бір кітап» акциясын көпшілікке таныстыру.
Библио-марафон «Оқитын жастар» алаңынан бастау алып, «Жұлдызды жастар» алаңымен жалғасты. Жігерлі жастар шарада сөз алып, атаулы жыл аясында кітап арқылы білімге қол жеткізу керектігін ортаға салды.

Кештің арнайы қонағы Болат Батырұлы:
«Асыл қазынамызды қашанда бағалауымыз тиіс. Кітап — жастық, газет —- көрпелеріңізге айналсын. Осы екеуі арқылы барлық ақпаратты алуға болады. Сондықтан жастар кітап оқуға ұмтылайық! Білімнің көзі — кітапта», — деді.

«Жұлдызды жастар» алаңы үздік, белсенді оқырмандармен толықты. Кітапханамен үнемі байланыста болатын оқырмандарға ұжым атынан арнайы диплом мен естелік сый берілді. «Үздік оқырман» номинациясына Ернұр Кінəма, Əсел Дүсімова, Бағым Қошалова, Жеңіс Меңдібаев, Темірлан Егінбай сынды кітапсүйгіш студенттер ие болды.  Ал Айкөркем Асқарова, Аман Қабдығалиев, Аяужан Садырбаева жəне М.Өтемісов атындағы БҚМУ, мәдениет жəне өнер факультетінің «Мұрагер» КТА командасы мен Құрманғазы саз колледжінің «Инабат» би ұжымы «Белсенді оқырмандар» қатарынан көрінді.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *