ҚДСҰО Telegram-ботты іске қосты, оның көмегімен пайдаланушылар COVID-2019 коронавирустық инфекциясы бойынша сұрақтарға жауап ала алады.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.
Іске қосудың мақсаты ел азаматтарының коронавирус жөніндегі сұраққа жауап алу рәсімін жеңілдету болып табылады. Ақпарат алу үшін чаттағы «Старт» батырмасын басу керек. Ақпарат сұрау үшін пайдаланушы чаттың тиісті түймелерін басу арқылы пәрмендерді жіберу керек. Бұдан әрі пайдаланушы жауаптарды көре алады. Оның қызметтерін пайдалану үшін Telegramға тіркелген пайдаланушы болу керек, – делінген хабарламада.
«Коронавирус-шұғыл желі» Telegram-боты коронавирустық инфекция туралы негізгі ақпаратты (коронавирус дегеніміз не, берілу жолдары, симптомдары, инкубациялық кезеңі, жұқтырып алудан қалай қорғану керек, карантинге кім алынады және т.б.) қамтиды. Бот екі тілде: орыс және қазақ тілдерінде қолжетімді.
Сонымен қатар, коронавирус мәселелері бойынша ҚДСҰО базасында тәулік бойы call – орталық (1406) жұмыс істейді, тел. 8 7172 768 043.
Осы ботты құруға өзінің әлеуметтік жауапкершілігін білдірген және коронавирус бойынша жағдайға немқұрайлы қарамайтын энтузиаст-әзірлеушілер тобы көмек көрсетті. Вирусты бірге жеңеміз!
Telegram – бот сілтемесі https://t.me/kz_hls_bot
BAQ.KZ