Бүгін Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының құқық қорғау қызметтері орталығында «Ашық есік күні» акциясы өтті.
Азаматтарды Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков пен прокурор Мейірбек Тілеулиев қабылдады.
Іс-шараның мақсаты – халықпен тікелей диалог орнату, оларға құқықтық көмек көрсету және көкейкесті мәселелерді шешу.
Барлығы 41 адам жолығып, олар сотқа дейінгі тергеу (6), алиментті өндіру (4), абаттандыру (3), залалды өндіру (3), тұрғын-үй (8) және жер (7) заңнамалары және басқа да сұрақтармен (10) бойынша жүгінді.
Осы жылы құқық қорғау қызметтері орталығына 350 тұлға жолығып, құқықтық көмек алды.
Орталықта азаматтар құқықтық және басқа да мәселелер бойынша консультативтік кеңесті тегін және жедел алып, прокуратураға немесе уәкілетті органға арызбен жүгіне алады, қажет болған жағдайда мамандар шағымды жазуға көмектеседі.
Құқық қорғау қызметтері орталығы сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін Орал қаласы, Сарайшық көшесі, 47 мекенжайында жұмыс жасайды (түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін).
Пошта 7112154@prokuror.kz, телефон 87112 510832
Бауыржан Ахметжан,
БҚО прокуратурасының ресми өкілі