Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі өтеді

Құрметті Орал қаласының тұрғындары!

 Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен ағымдағы жылдың 28 ақпанында сағат 10:00-де «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Орал қаласының №3 халыққа қызмет көрсету бөлімінде (Жәңгірхан, 160) мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі өткізіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі аясында Орал  қаласыныңжұмыспен қамту, жер қатынастары, сәулет қала құрылысы, тұрғын үй, білім беру, ауылшаруашылығы, ветеринария және т.б. мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімдерінің өкілдері мен «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» өкілдері арқылы өзіңізге керекті ақпарат пен қызметті ала аласыз.

Сурет ғаламтордан алынды

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *