Батыс Қазақстан облысында «Көктем – 2020» республикалық командалық оқу-жаттығуы бойынша 5 орын пысықталды, - деп хабарлайды БҚО Төтенше жағдайлар департаменті.
Бірінші оқу-жаттығу орны. Оқу-жаттығу сценариі бойынша «Орал ЖЭО» «Жайықжылуқуат» АҚ-да авария орын алып, жылу және электр энергиясының өндірісі, берілісі, таратылуы бұзылған. 60240 адам жылусыз қалды.
Екінші оқу-жаттығу орны. Теректі ауданының Подстепное ауылындағы «Самара-Шымкент» тас жолында Камаз және Тойота Камри маркалы көліктер арасында ЖКО орын алды, авария салдарынан көлік ішіндегі жолаушылар қысылып қалып, көліктен өздігінен шыға алмайды, қаза болғандар мен зардап шекендер болды. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері көліктерден үш қаза болған және екі зардап шеккен адамды шығарып оларды жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.
«Deawoо» маркалы микроавтобус техникалық ақаулығынан жол жиегіне тоқтап, ауа райының салқындығынан қайта тұтана алмады нәтижесінде Өзбекстан Республикасының 15 азаматы суық автобуста қалуға мәжбүр болды.
Барлық арнайы қызметтер қолданған шара барысында төтенше жағдай жойылды, ал зардап шеккендердің барлығы шұғыл түрде кунг және вахтовка көліктерімен жылыту пунктіне эвакуацияланды, оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
Үшінші оқу-жаттығу орны. 1 және 2-саяжай ауданындағы бау-бақша қоғамындағы тұрғын үйлерді су басты. Аталған саяжайларда тұратын халықты хабардар ету және эвакуациялау ұйымдастырылды.
Төртінші оқу-жаттығу орны. Әрі қарай оқу-жаттығу «Батыс Су Арнасы» ЖШС-да жалғасты. Онда КӘУЗ шығарындысынан апаттар туындап оны жою бойынша азаматтық қорғаудың объектілік құрылымдарының іс-әрекеттері пысықталды.
Бесінші оқу-жаттығу орны. Оқу-жаттығудың соңғы бөлімі қала шетіндегі «Дубрава» кешенінде өткізілді.
Оқу-жаттығу сценариі бойынша жауын-шашынның қарқынды жаууынан облыстың бұрыннан тегіс ашылмаған өзендеріндегі қар жамылғысының қарқынды еруіне себеп болған ауа температурасының бірден көтерілуі нәтижесінде күрделі ахуал орын алды. Көктемгі су тасудан, ірі су қоймаларынан судың шұғыл ағуынан тіршілікті қамтамасыз етуші нысандар қатары бұзылып, транспорттық коммуникациялар бүлінді, облыс аудандарындағы елді мекендерді отынмен, ЖЖМ-мен, азық-түлікпен, медикаменттермен және алғашқы қажеттілік заттарымен жабдықтау тоқтатылды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірілді.
Сонымен қатар «Дубрава» кешені ауданындағы Шаған өзенінде салонында жолаушылары бар жеңіл автомобилі аударылды. Қосымша мәліметтер бойынша автомобиль су қоймасының өтуге болмайтын орнын қиып өтті, соның нәтижесінде ол суға батты. Автомобильдің салонында көліктен өздігінен шыға алмайтын зардап шегушілер болды.
Барлық арнайы қызметтер (іздестіру-құтқару бөлімшесі, жедел-құтқару жасағы, «Апаттар медицинасы орталығы» БҚОФ, жедел жәрдем бригадасы, жергілікті полиция қызметі) қолданған шара барысында төтенше жағдай жойылды, ал зардап шеккендер құтқарылды, оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.
«Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуына облыс деңгейінде барлығы жеке құрамнан 1245 адам және 424 бірлік техника тартылды.
«Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының екі күндік қорытындысы бойынша барлық алға қойылған міндеттер орындалды, оқу-жаттығу мақсатына жетті.