25 ақпан күні Батыс Қазақстан облысында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы басталды.
Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің дайындық деңгейін арттыру және халықты көкем кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға дайындау.
РКШОЖ жоспарын жүзеге асыру бойынша оқу-жаттығудың бірінші күні 2 кезеңнен тұрды: басқару органдарының, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің облыстық кіші жүйесінің күштерін функционалды міндеттерін орындауға дайындау және АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің күштерін басқару.
Бірінші күні оқу-жаттығу басшысының орынбасары, БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашев орталық атқарушы орган өкілдерінің күш-құралдардың оқу-жаттығуға дайындығының жай-күйі, олар өткізген іс-шаралар туралы баяндамаларын тыңдады. Кеңес «Дыбыл-101» сигналы бойынша бірінші кіріспені алған соң басталды.
Кеңес барысында Жасұлан Қыдырғожаұлы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің апатсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу, жою бойынша жедел шаралар қабылдау, орын алған жағдайда шығын көлемін, адам шығынын азайту, төтенше жағдайларда объектілердің жұмыс істеуінің қауіпсіздігін және тұрақтылығын арттыру секілді тапсырмаларды берді.
Ертең, 26 ақпан күні АҚМЖ облыстық кіші жүйесінің және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарының қызметтеріне міндеттелген тапсырмалар пысықталатын «Көктем-2020» РКШОЖ-ның практикалық бөлімі өтеді.
Сонымен қатар, 25 ақпан күні қызметкерлердің жауынгерлік дайындығын тексеру мақсатында, оқу дабылы бойынша БҚО ТЖД жеке құрамы шығарылды. Таңертең жауынгерлік дайындық күші тексерілді. Оқу дабылы барысында бүкіл жеке құрам, қызметтік куәлік және офицерлердің жетондары, олардың сыртқы келбеті мен дабыл шамадандары, оның жинақылығы тексерілді.
Бұл іс-шаралар жеке құрамның әркез жауынгерлік дайындықта болуы үшін өткізілді.
БҚО ТЖД Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы