Дойбышылар бақ сынасты

22-23 ақпан күндері  Оралда дойбыдан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.

№2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өткен чемпионат  ерлер, əйелдер, ардагерлер жəне жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ұйымдастырылды. Жарыс швейцарлық жəне айналмалы жүйе бойынша 7 турдан тұрды. Облыстық чемпионатқа Ақжайық, Бəйтерек, Тасқала, Теректі аудандары және Орал қаласынан 80-ге жуық дойбышы қатысып, бақтарын сынады.

Екі күнге созылған жарыстың нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының диплом және медалдарымен марапатталды.

Ардагерлер арасында Білекбай Қазиханов пен Өтеген Мүбарак үздік деп танылды. Ерлер арасында Өркен Бижанов жүлдегер атанса, әйелдер арасында Гүлзада Бисенова үздік деп танылды. Ал жасөспірімдер арасында Лиза Бапиева, Әлішер Болатов, Тоғжан Тажибеков, Әли Лұқпан, Айша Залмұқандар жүлделі бірінші орынға ие болды.2010-2012 жылы туған ұл-қыздар арасында  Айбек Есенғалиев, Алина Бапаева, Бекет Сабыржанов, Әсем Мұхит жеңіске жетті.

Гүлзинат ҚИБАТОВА

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *