2020 жылдың 20 ақпанында сағат 18.44 шамасында «Чапаево» ТМҚП (трассалық-медициналық құтқару пункті) Орал-Чапаево-Жаңақала трассасының 95-ші километрінде орын алған жол көлік апаты туралы кезекті қоңырау келіп түсті.
Оқиға орнына жедел көмек көрсету бригадасы 20 минутта жетті. Автокөліктің жол жиегіне шығып кету салдарынан 2 адам зардап шеккен. Зардап шегуші ер азаматта аздаған дене жарақаттары бар. Жарақаттары өңделіп, психологиялық көмек көрсетілді.
Зардап шеккен әйел адамда жабық бас-ми жарақаты анықталды. Бригаданың жедел әрі кәсіби іс-қимылдарының арқасында алғашқы медициналық, психологиялық көмек көрсетіліп, жедел аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
М. Жумабаева,
Батыс Қазақстан облысы бойынша
«МАО» филиалының фельдшері