«Азаматтық қорғаныс» айлығы жалғасуда

Төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою күштерін және халықты төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындауды ұйымдастыру туралы іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 1 ақпан күнімен 1 наурызы аралығында «Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс» айлығы өтуде.

Азаматтық қорғаныс айлығы азаматтық қорғаныс міндеттерін жүзеге асыруға халықты дайындау және әртүрлі қысылтаяң жағдайларда сауатты іс-қимыл жасауға үйрету мақсатында өткізіледі.

Айлық аясында ұйымдастыру жұмысын жетілдіру, төтенше жағдайлардағы әрекеттерге оқыту, азаматтық корғаныс ілімін насихаттау жұмыстары жүргізіледі. Айлық кезінде ауданның барша оқу орындарында, ұйымдарында төтенше жағдайлардағы адамның і-әрекеттері жөнінде нысандық жаттығулар, әңгімелесулер, дәрістер, баяндамалар ашық сабақтар, стендтер мен плакаттар рәсімделуі тиіс.

Айлық барасында «Баршаның назарына!» дабылын қабыдаған кездегі  халықтың іс-әрекеті, «Көшіру жағдайындағы халықтың іс-әрекеті», «Жеке қорғаныс құралдарын пайдалану ережелері» тақырыптарында  ХҚКО-да  «Қазпошта» АҚ жадынамалар мен нұсқаулықтар таратылып  түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

 

И.Азамат,

Қаратөбе ауданы ТЖБ  аға инженері

азаматтық қорғау лейтенанты

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *