Оралда үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті

Бүгін қала әкімдігінде үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметі жөніндегі мәліметтерді қалыптастыру жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түсіндіру жұмысы Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты үкіметтік емес ұйым басшыларына өтті .
Шараға Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Азамат Нұрмұхамбетов қатысты.
Қазіргі таңда қала бойынша жалпы есепте 462 үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 156-сы спортқа бағытталған. Бүгінгі күні спорттық ұйымдардың 50 пайызы ғана өз жұмыстарын атқаруда. Ал аталмыш дерекқорды облыс бойынша тек 5 үкіметтік емес ұйым тіркеген.

Шарада «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанова мәліметтерді деректер базасына енгізу, заңды тұлғаларды тіркеу, құжаттарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайлы мәселелерді түсіндірді.
Дерекқорда үкіметтік емес ұйымдар қызметі жөніндегі мәліметтерді толықтыру жеті бөлімінен тұрады.
Алғашқы бөлім жалпы деректерді толықтыруға бағытталса, екінші бөлім — байланыс нөмірі, үшіншісі- еріктілер мен қызметкерлер туралы мәліметке арналған. Бөлімнің төртінші бөлігі қызметтің бағыты жайлы ақпарат берсе, бесіншіде ұйымның мақсаты айқындалады. Алтыншы бөлім — есептік кезең, ал жетінші тарау бюджеттік салаға арналған.
Жиын соңында ұйым мүшелеріне «Jýsan Bank» қызметкерлері «Жалақы жобасын» таныстырды.
Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Бейбарыс СҰЛТАННЫҢ суреттері

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *